Байқоңыр ауданында бос кеңістіктер абаттандырылды
Биыл елорданың Байқоңыр ауданында 7 қараусыз бос кеңістік кешенді абаттандырылып, орнына балалар ойын алаңдары жайластырылды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Абаттандыру барысында ауданның шет аймақтарына баса назар аударылғанын айта кеткен жөн.
Аталған 7 кеңістіктің 6-ы ауданның шет аймақтарындағы тұрғын алаптарда болса, 1-і ауданның орталық бөлігінде орналасқан.
Мәселен, Толстой-Абыралы көшелерінің қиылысында бой көтерген қоғамдық кеңістік аумағында тұратын отбасылардың 2000- ға жуық баласы бар. Осыған дейін бұл учаскеде тұрғындар демалысы мен балалар үшін ойын алаңы болмаған. Сондай-ақ бұл учаске ауданның орталық бөлігінде орналасқанымен, көктемде қар суы, қыста жаңбыр суы жиналатын балшықты бос кеңістік болған.
Бүгінде тұрғындардың игілігіне, балалардың қуанышына орай аталған алаң кешенді абаттандырылып, жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.
Сонымен қатар Байқоңыр ауданының тұрғын алаптарындағы 6 учаскеде осы сияқты бос кеңістіктерді кешенді абаттандыру, орнына балалар ойын алаңдарын жайластыру жұмыстары жүргізілді. Олар:
1. «Өндіріс» тұрғын алабы – Құрманғазы көшесі;
2. «Қоянды» саяжай алқабы – орталық алаң;
3. «Кирпичный» тұрғын алабы – Көксеңгір көшесі;
4. «Казқалашық» тұрғын алабы – Қарақұм көшесі;
5. «Мұнайшылар» ауылы – Әл-Фараби көшесі;
6. «Өндіріс» тұрғын алабы – Тайбурыл көшесі.
Айта кетсек, жыл басынан бері қала бойынша барлығы 170 қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылды. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды.