Ел тынысы

Байқоңыр ауданында МӘМС жүйесіне арналған штаб отырысы өтті

Байқоңыр ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайбергеннің төрағалығымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері» туралы аудандық өңірлік штабының отырысы өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Отырысқа аудан аумағында орналасқан денсаулық сақтау нысандарының бірінші басшылары, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Байқоңыр ауданы мемлекеттік кіріс басқармасының, Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады.

Міндетті медициналық сақтандыру жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділікке кепілдік береді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button