Байқоңыр ауданының Өндіріс тұрғын алабындағы Құрманғазы көшесінде бос орынға қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған кеңістік осыған дейін қараусыз тұрған бос алаң болған. Бүгінгі күні орнына жаңа қоғамдық кеңістік жайластырылып, балалар ойын алаңы ашылды.
Абаттандыру барысында балалар ойын алаңынан бөлек, үлкен спор алаңы, workout-алаң, демалыс орындықтары жабдықталды. Сонымен қатар, асфальт және тартан жабыны төселіп, қосымша жарықтандыру жүргізілді.
Бұдан бөлек, қоғамдық кеңістік аумағына қосымша автотұрақ та жайластырылды. Сондай-ақ, тұрғындардың қолайлылығы үшін жарықтандыру жұмысы жүргізілді. Осылайша, тұрғындардың көптен күткен қуанышы орындалып, кеңістік салтанатты түрде ашылды.