Қоғам

Байқоңыр ауданында қысқы сырғанау маусымы ашық

Бүгін ауданымыздың «Жастар» сарайының аумағында 800 шаршы метрлік мұз айдыны мен сырғанақтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға «Байқоңыр» ауданының 100-ден астам оқушысы қатысты. Олар үшін жаңа жылдық музыкалық әндер шырқалды, сондай-ақ тегін шарлар (ватрушкалар) мен конькилер ұсынылды.

Мерекелік ашылудан кейін балалар үшін белсенді ойын-сауық түрлері ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, эстафеталық ойындар, коньки тебу, допты хоккей және қоқыстарды сұрыптау. Ойынға қатысқан барлық балаларға түрлі сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

Сондай-ақ, шара соңында келушілерге ыстық сусындар мен бауырсақтар ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, Байқоңыр ауданында қысқы дмалыс кеңістіктері келесі локациялар бойынша жұмыс жасап тұр:

1. Жастар сарайының аумағы

2. Ататүрк саябағы

3. Қаламгерлер аллеясы

4. Целлинный шағын ауданы (Жұбанов көшесі,3)

5. Өндіріс тұрғын алабы / Ақбидай көшесі

6. Өндіріс тұрғын алабы / Кемеңгерұлы

7. Өндіріс тұрғын алабы / Өзен көшесі

8. Кирпичный тұрғын алабы / Чехоев көшесі

9. Казгородок тұрғын алабы / Досмұхамедұлы көшесі

10. Қоянды саяжай алқабы / ЭКСПО алаңы

11. СМП / Кеншілер көшесі74edited 14:54

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button