Ел тынысы

Санитарлық-тазалық жұмыстарын атқаратын мердігерлермен кездесу өткізілді

Елордада көктемгі ауа-райының қолайсыздығы коммуналдық сала қызметінің жұмысын күшейтілген режимге ауыстыруға ықпал етті. Бүгінгі таңда Байқоңыр ауданында жаңбыр мен еріген қар суының салдарын жою мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай аталған аудан аумағында санитарлық-тазалық жұмыстарын атқаратын мердігер ұйым өкілдерімен кеңейтілген жиналыс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
          Қазіргі уақытта ең өзекті мәселе – басты жолдардан бастап қоғамдық кеңістіктер, тротуарлар, аула аумақтары, әлеуметтік нысандардың маңайын мұздан тазарту, үйілген қарды шығару және т.б.
Осы ретте, жиын барысында жауапты мамандар мен мекеме өкілдеріне санитарлық-тазалық жұмыстары аясында бірқатар маңызды тапсырмалар жүктелді.
           Сонымен қатар тиісті деңгейде атқарылмаған жұмыстар бойынша бірқатар мердігер ұйымдарға айыппұл салу тапсырылды. Сондай-ақ, апта соңында күн жылынатындықтан арнайы техникалар мен жұмысшылардың дайындығына баса назар аудару қажеттігі тапсырылды. Бүгінгі таңда ауданда 21 мердігер ұйым қызмет етсе, барлығы 900 арнайы техника және 1500 жұмысшы жұмыс істейді. Соған қоса  25 мердігер ұйым қызмет етеді, оның ішінде 350-ге жуық арнайы техника және 450 жол жұмысшысы бар.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button