Жаңалықтар

«Байқоңыр барысы» анықталды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордалық Байқоңыр ауданының әкімдігі қазақ күресінен «Байқоңыр барысы-2021» турнирін өткізді. «Өндіріс» тұрғын алабындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен спорттық шараға еліміздің әр өңірінен 24 спортшы қатысты.

[smartslider3 slider=1416]

«Байқоңыр барысы-2021» турнирінің бас жүлдесін астаналық балуан Айбат Сейтен, күміс жүлдені павлодарлық Мұхтар Дәлелханұлы, қола жүлдені Жамбыл облысынан келген Айтбек Айбол жеңіп алды.

– Мен 2019 жылы «Байқоңыр барысының» алғашқы турниріне қатысып, жеңімпаз атандым.  Енді,  міне, екінші рет қатысып отырмын. Бүгін  өте мықты спортшылар келді, олардың арасында әлем және Азия чемпиондары да бар. Қарсыластар жақсы дайындалған. Байқоңыр ауданы әкімдігінің бұл бастамасы өте құптарлық, жақсы бастама, – деді жеңімпаз спортшы Айбат Сейтен.

«Байқоңыр барысы-2021» турнирі бұқаралық спортты дамытуға, ауданның жас спортшылары арасында қазақ күресінің ұлттық спорт түрін және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button