Жаңалықтар

«БӘЙТЕРЕК» КЕЛБЕТІ ЗАМАНҒА САЙ ӨЗГЕРДІ

Елорда символы «Бәйтерек» монументі күрделі жөндеуден өтті. Алдағы аптадан бастап Астана тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашады. 

Жөндеуден кейінгі «Бәйтеректің» келбеті адам танымастай өзгерген. Аппақ мәрмәрдан жасалған еден, алтын түстес баспалдақтар, ішкі бе­зендірулер керемет үйлесім тапқан. Кофехана, кәдесыйлар салоны мен киім шешетін орындар да жаңаша келбетке ие.
Тағы бір жаңашылдық – Led экраны бар өнер галереясы. Монументтің фойесіне габаритті иілген алып экраннан еліміз туралы мәліметтермен танысуға болады. Ал монументтің ең жоғары қабатында аспанда самғап жүрген аспалы шам түріндегі самұрық құстар келушілердің назарын аударары сөзсіз.
Әрине, мүмкіндігі шектеулі жандардың да кіріп-шығу мәселесі шешілген. Қонақтарға қолайлы болу үшін арнайы кіру билеттерін сататын терминалдар орналастырылған.
– Еліміздің басты символына күрделі жөндеу жылдың басында басталды. Қаншама жылдан бері жөндеу көрмеген ғимарат әбден ескірген болатын. Жұмыс барысында дизайны мен мазмұны өзгерді. Түстік үйлесімі ақ және алтын реңкті болып сақталды. Италиялық технологиямен әзірленген шыны витраждар қақаған аяз бен аптап ыстыққа төзімді, – дейді «Астана-Бәйтерек» ЖШС директоры Мұрат Сапарғалиев. Оның айтуынша, сыртқы келбеті сақталғанымен, ішкі құрылым жаңарды.
Билет бағасына келсек, үлкендерге – 700, балаларға – 300 теңге.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button