Қоғам

«Бәйтерек» маңын былғамаңызшы

Астана қаласының ең көрікті жерлерінің бірі – «Бәйтерек» монументі орналасқан алаң. Қалаға келген қонақтың бәрі міндетті түрде Бәйтерекке соқпай кетпейді.

Әсіресе, күн жылы мезгілде монумент маңындағы орындықтарда, жасыл желекте адамдар демалып отыр­ғанын көресіз.
Жақында мен сіңлімді ертіп, сол жерге серуендеуге бардым. Қарасам, бір тәтей үлкен итін жетектеп келіпті. Жасыл желекке барып, итін босатып қоя берді. Ит көк шалғын шөптің үстінде аунақтап, арсалаңдап әрі-бері жүгірді. Кішкентай сіңлім итті көріп, қорқып кетті. Оған мән берген тәтей жоқ, шалғында шалқалап жатқан итін еркелетіп, сылап-сипап, отыра қалды.
Мен таң қалдым. «Бәйтеректің» маңы адамдар қыдыратын жер ме, әлде итпен серуендейтін орын ба? Ит сарып, былғап кеткен жерге бұдан кейін біз жиіркенбей қалай отырамыз?
Астанада итті қыдыртатын арнайы орындар жоқ па? Әлде ит пен адамдардың айырмашылығы қалмаған ба?..
Сол күннен бері «Бәйтерек» жаққа аяғым тартпай жүр.

Кәусар Керей

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button