Қала тіршілігіМәдениет

«БӘЙТЕРЕК» МАҢЫН ДУМАНҒА БӨЛЕЙДІ

IMG_7488

Астана күнінің он жылдық мере­кесінде бастау алған V халықара­лық «Шаттық» жас таланттар фести­валі кезекті рет шымылдығын түреді.

Ән додасында Қазақстан, Ресей, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Әзербайжан, Беларусь, Саха, Татарстан, Ингушетия, Литва, Латвия, Болгария, Қытай, Түркия және Израиль елдерінің 700-ге жуық балалары бас қосады.

«Шаттық» жас таланттар фестива­лінде балалар вокал, хореография, ұлттық орындаушылық, балалар сән театры, ерекше жанр аталымдары бойынша өнер көрсетеді. Бұл мерекелік шараның мақсаты – талантты орындау­шы­лар мен ұжымдарды іздеу, рухани әрі көркем талғам қалыптастыру, бала­лар ұжымдары репертуарын жаңар­­тып, халықаралық байланысты кеңейту.

Фестиваль ұйымдастырушысы – Астана қаласы әкімдігі осы күннің елорда тұрғындары мен қонақтарының есінде қалуы үшін барын салмақ. Оның үстіне, Астана – Еуразияның мәдени орталығы деген жоғары мәртебеге ие.

4-6 шілде күндері балалар «Бәй­терек» монументі алдындағы алаңда өнер көрсетеді. Қатысушыларға КСРО Халық әртісі Бибігүл Төле­ге­но­ва­ның басшылығымен халықаралық қазылар алқасы баға беріп, сыйлықтар табыс-тайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button