Мәдениет

«Бәйтеректің 20 жылдығына – 20 күй»

Елорданың символы «Бәйтерек» монументінің мерейтойына орай Балалар жылы аясында «Бәйтеректің 20 жылдығына – 20 күй» атты іс-шарасы өтті. «Бәйтеректің» ұшар басында «Алтын домбыра» ұлттық өнер орталығының шәкірттері Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйінен бастап күй атасы – Құрманғазының күйлерін, ұлттық мұра болып саналатын басқа да күйлерді орындады.      

[smartslider3 slider=3932]

 

Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаев: «Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуға тиіс» деген еді.

– «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген керемет сөз бар. Кез келген қазақ, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін домбыраның үніне елтиді. Бұл шараның мақсаты да – ұлттық аспабымызды дәріптеу, насихаттау. «Алтын домбыра» ұлттық өнер орталығының шәкірттері «Бәйтерек» басында күй тартуды да армандаған екен. Осы іс-шара арқылы олардың арманын да орындап отырмыз. Ал «Бәйтерек» 20 жыл бойы миллиондаған адамға, елорда тұрғындары мен қонақтарына әдемі әсер сыйлап келе жатыр. Монумент бірегей ғимарат бола отырып, оның тамыры Қазақстанның өткен тарихын қадірлейтін, бүгіні – берік тірек болып табылатын, және нық әрі сенімді жүзеге асырылып жатқан болашағын бағалайтын мемлекетті бейнелейді, – дейді «Бәйтерек» монументінің директоры Әділ Орынбасарұлы.

Мектеп оқушылары Қадырәлі және Айсұлтан «Алтын домбыра» ұлттық өнер орталығына ашылған күннен барып жүр. Олардың әжесі, ардагер ұстаз Гүлжиян Ұзаққызы немерелері домбыраға өздігінен құмар болғанын айтады.

– «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген, өнер орталығының ұстаздарына, басшылығына өте ризамыз. Олар домбыраны үйрету арқылы немерелеріміздің бойына өз Отанына деген сүйіс­пеншілікті, отаншылдық сезімін сеуіп келе жатыр. Балалар осы уақытқа дейін қаншама күй үйренді. Немерелеріміздің атасы домбырада ойнайды, өз кезінде мәдениет саласында басшылық қызмет атқарған. Бірақ Қадырәлі және Айсұлтанды «Алтын домбыраға» бар деп ешкім күштеген жоқ, олар өздері ниет танытты, – дейді ардагер ұстаз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button