Жаңалықтар

Байыпты басқосулар

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада бірқатар кездесулер өткізді. 

Атап айтсақ, 12 қыркүйек күні Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу аясында Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханимен кездесті. Тараптар сауда-экономика, көлік-коммуникация және инвестиция салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты жандандырудың келешегі туралы сөйлесті.

Ал, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен кездесу барысында екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы мәселелері талқыланып, өңірлік қауіпсіздік ахуалы жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қырғыз Респуб­ли­ка­сының президенті Алмазбек Атамбаевпен де кездесті. Мем­лекеттер басшылары сауда-экономика, инвес­ти­ция, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық сала­лардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button