Денсаулық

Байырғы емхананың байыпты жұмыстары

IMG_4342

Кейінгі кезде №1 қалалық емхана жабылады деген сөз таралып кетті. Бас-аяғы 46 мыңға жуық тұрғынға медициналық қызмет көрсететін мекеме шынымен жабылса, қайда барып қараламыз деп тұрғындар алаңдап жүр. Мәселенің мән-жайын біз де білген едік.

Астана қаласының тұрғындары күн сайын көбейіп келеді. Бүгінде көптеген емханалар артық жүктемемен жұмыс істейді. Бардың өзін әрең жеткізіп жатқанда, бір емхананы жабу ақылға сыймайды. Бұл ойымыз расқа шықты. №1 қалалық емхананың бас дәрігері Күлжан Анасованың айтуынша, бұл емхана жабылмайды. Жұрттың дүрлігіп жүргені – кейбір учаскелік терапевтер Әуезов көшесі, 24-мекен-жайында орналасқан 1-інші қалалық балалар емханасының ғимаратына ауыстырылған екен. «Бұл да бізге қарасты емхана. Ғимараттың бір бөлігін тиімді пайдалануды әрі тұрғындарға кең көлемде қызмет көрсету үшін осындай шешім қабылдадық. Бір жағынан, біздің емхана – алпысыншы жылдары салынған байырғы ғимарат. Жөндеу жұмыстарын жүргізуді де ойластырып отырмыз» дейді бас дәрігер.
Материалдық-техникалық базасы мен кадрлық ұжымын әбден қалыптастырған бұл мекеме емдеу-диагностикалық көмекті 20 сала бойынша жүргізеді. Мұнда екі ауысыммен жұмыс істейтін күндізгі стационар жұмыс істейді. Бір жылдың ішінде емханаға келіп-кетушілердің саны 350 мыңға жеткен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button