Мәдениет

Бала Абайдан дана Абайға дейін

Кеше Астана қаласы «Жастар» театрында Абай күніне арналған мәдени шараларды түйіндеу мақсатында «Абай аманаты» атты кеш өтті.

Аталған кешті Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдас­тырған. Ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлықтау  мақсатында өткізілген бұл іс-шараға көрнекті абайтанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Олардың арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, Қазақстан эстрадасының жұлдызы ­Алтынай Жорабаева, «Құрмет» орденінің иегері Сүндет Байгожин, халықаралық байқаулардың лау­реаты Ерлан Рысқали, ROYAL квартеті мен айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан қатарлы талант иелерімен қатар «Жастар театры» ұжымы да болды.

Шығармашылық кешті Ұлттық аспаптар ансамблі музыкамен әрлеп отырды.

Аталған кештің шымылдығы «Бала Абай» бейнесюжетімен ашылып, «Жас Абай» мен «Дана Абай» бейнекөріністері көрсетілді. Сонымен қатар Абай әндері орындалды. Ал айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан Абайға арнаған өлеңін айтып көрермен көңілін көтерді. Сондай-ақ кеш барысында «Жастар» театры ұжымының «Абай – Тоғжан» спектаклінен үзінді қойылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button