Жаңалықтар

БАЛА АЛДЫНДАҒЫ БЕРЕШЕК

Елордалық прокурорлор ушығып тұрған алимент мәселесін шешудің тың жолын қолға алды. Астана қаласының прокуратурасында «Алимент берешегін азайту» жобасы таныстырылды.

Прокурорлардың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – алиментші әке­лерді жаппай жазаға тарту емес, олардың алдын алуды көздейді. Яғни алимент берешегін төлемей жүрген борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Өйткені бүгінгі таңда тұрақты жұ­мысының жоқтығына байланысты алимент төлей алмай жүрген әкелер көп. Мәселен, Астана қаласы бойынша алимент төлеуге міндеттелген 19 мың адам­ның екі мыңға жуығы жұ­мыссыз.
Осының салдарынан қа­ламызда 7 мыңнан астам бала өздеріне тиесілі
400 млн теңге көлеміндегі алиментін ала алмай жүр. «Борышы бар әкелерді жұмыспен қамту жоба­сын қолға алып отырмыз.
Жұмыссыз ретінде тір­кеуде тұрған екі мың аза­матты мамандықтары мен игерген кәсіп түрлері бо­йынша категорияларға бө­ліп, компанияларға сұрау жібердік. Қазірдің өзінде Астана қаласындағы бе­делді екі құрылыс компаниясынан электр маманы, сантехник сияқты ма­мандар бойынша 500 ұсы­ныс келіп түсті. Соны­мен қатар, «Naimi.kz»
интернет сайтымен ынты­мақтастық орнатып, алимент бойынша қарызы бар адамдарды сайтқа тегін тіркеу туралы келістік. Бұл сайтқа күніне екі жүзге жуық адам тіркеледі екен.
Сондай-ақ, фейсбук әлеу­меттік желісінде «Ең­бек-
Алимент» па­рақ­­­шасын аштық. Бұл па­рақ­шаға борышкерлер өз түйін­де­мелерін орналастыра алады» дейді Астана қалалық прокуратурасының соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының басшысы Берік Адамов.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button