Бала қауіпсіздігі: елорданың Алматы ауданында рейд жүргізілді

Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бақылаусыздықты болдырмау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында қатысушылар ішкі істер органдарында есепте тұрған жағдайы төмен отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың тұрмыстық жағдайын зерттеді. Сауда және ойын-сауық орталықтары мен компьютерлік клубтар сияқты қоғамдық орындарды тексеруге ерекше назар аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы бойынша сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, сондай-ақ сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына тыйым салынады.
Елорданың барлық ауданында күн сайын рейд жүргізіліп, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылып жатыр.8119:03