Президент пәрмені

БАЛА ҚИЯЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ

ммм

 

Тұңғыш

Тұңғыш Президент күніне қарсаңында қаламыздағы қос Оқушылар сарайында «Менің қиялымдағы Қазақстан-2050» байқауы ұйымдастырылды.

Мәселен, Момышұлы даңғылының бойындағы заманауи Оқушылар сарайының  сәулет өнеріне, инженерияға  таласы бар талантты жеткіншектері  қатты қағаздан, комотекс, пластик және  басқа да  материалдан  жасаған экспонаттарын көрмеге қойды.  Олардың басым көпшілігі жаңартылмалы қуат көздерін пайдалануға негізделген.  Ізденімпаз балалардың еңбектерін  «Сәулет-студия»  директоры Есімбет Қапабаев, «Санар» жобалық-өндірістік компаниясының  шығармашылық директоры Сағындық Жамболатов, «ORTA» фирмасының директоры Серік Рустамбеков,  «SA Arhitekts» студиясының  шығармашылық   директоры Василий Тоскин сынды архитектурада өз қолтаңбасы бар сәулетшілер бағалады. Әділ төреліктен жазбай, жүлделі орындар  8-11 сынып аралығындағы, 5-7 сынып аралығындағы оқушыларға екі бөлініп берілді. Мәселен, ересек балалардың ішінен «Камелиддин» көп функционалды бизнес орталығы үшін гран-приді №35 мектеп-лицейінің оқушысы Серік Төлеев еншілесе,   жасы кішірек балалардың арасынан бас жүлдені «Шағын аудан» жұмысы үшін Техникалық шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері Сандуғаш Тәңірберген мен Әлия Мақсұт жеңіп алды. Шынтуайтын айтқанда, балалық қиялдың көрінісіндей көрмеде бөліп-жарар ештеңе жоқ, әр туындының өз ерекшелегі бар. Сондықтан әділқазылар  көрмеге қатысқан барлық  оқушыларды жүлдесіз қалдырмай,  «Ерекше колористика», «Ерекше сәулет», «Үздік сәулет композициясы», «Масштабты жоба», «Хай-тек жоба» аталымдарымен марапаттады.

Ал, кеше Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында  «Үздік эссе», «Үздік инновациялық жоба», «Үздік ғылыми жоба», «Үздік балалар мен жасөспірімдер суреті» және «Үздік архитектуралық идея»  аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды. Байқауға 5-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.

«Мұндай шаралар тәуелсіз елдің ертеңгі тұтқасын ұстар азаматтарды шыңдайды. Әр қатысушының қиялы әділқазыларды қайран қалдырғаны рас. Әсіресе, оқушылардың архитектуралық идеялары сүйсіндірді бізді. Байқауға түскен жұмыстарға қарап, расында болашақтың жарқын келбетін елестете аласыз. Тек осы секілді дарынды жеткіншектерді қолдау жобаларын жиі ұйымдастырып тұруымыз керек» дейді Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев.

Шығармашылық жарыста Астанадағы 69 мектептен 10 мыңнан астам жеткіншектің жұмысы сарапқа салынған көрінеді.

Асхат РАЙҚҰЛ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button