Қала тіршілігі

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Астана қаласының Ішкі істер департаментінде бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты жаңалықтар түсіндірілді. 

Іс-шараға аталмыш ве­домствоға қарасты жергілікті по­лиция қызметі басшысының орынбасары Ғосман Жакин, ювеналды полиция басшысы Бақытгүл Ысқақова және Білім басқармасының бас маманы Тоқташ Жұмабай қатысты. Олар ағымдағы жылы 9 сәуірде Президент қол қойған «Қа­зақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды таныстырды. Бұл заң кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды жасағаны үшін ілінетін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған.
Дәлірек айтсақ, ендігі уақытта кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды жасаған адамдарға химиялық кастрация жазасы қолданылады. Сонымен қатар, жоғарыдағыдай құқық бұзушылықтарға жол бергендер үшін шартты түрде соттау, шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату, татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, ауыр мән-жайлардың тоғысуы сал­да­рынан жазадан босату секілді шаралар алынып тас­талды. Бұдан бөлек, азаматтың бо­йында анықталған психикалық ауытқу және сексуалдық зор­лық-зомбылыққа бейімділігі туралы ақпарат дәрігерлік құпияға жатқызылмайтын
болады.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button