Елорда тынысы

Балабақша байқауы

Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен мектепке дейінгі ұйымдарға арналған «Ертегілер елінде» байқауы өтті.

Әдістемелік орталық және әдіскерлер қауымдастығымен ұйымдастырылған байқау елорданың 4 ауданында бір мезгілде өткізілді. Балабақшаішілік және қалалық екі кезеңнен тұратын байқауға тәрбиешілер, музыка жетекшілері мен мектепалды топ тәрбиеленушілері қатысты. Сайыс шарты – ертегі немесе театрландырылған қойылым қою.

Қазылар алқасы сынға түскен қатысушыларды репертуардың жас ерекшелігіне сәйкестігі, сахна мәдениеті, шығармашылық ерекшелігі, көркем бейнені орындау мәнерлілігі және инновациялық әдістерді қолдану көрсеткіштері бойынша бағалады.

Байқау қорытындысында үздік деп танылған педагогтар мен тәрбиеленушілер дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button