ЖаңалықтарМәдениет

Балаға қуаныш сыйлайды

Бас қаладағы қуыршақ театрының көрермендері «Жаңғырық туралы ертегі» қойылымын тамашалады. Жапон ертегісі негізінде құрылған спектакльде Урико есімді кішкентай қыз ата-анасымен бірге зұлымдық иесі Амадзякаға қарсы тұрып, жамандық атаулысын жеңіп шығады.

[smartslider3 slider=630]

«Демалыс күндері балаларымды қуыршақ театрына алып келемін. Себебі балалардың дамуы үшін осындай рухани орта керек. Ш.Айманов «Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері – тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген болатын. Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Сондықтан әр жексенбіде отбасымызбен театрға келеміз» деді қала тұрғыны Гүлзат Омарбекова.
Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады.
«Мен үшін кішкентай көрер­мендердің ықыласына бөлену, оларға қуаныш сыйлау қызметтен бұрын бақыт сыйлайды. Мұндай қойылымдарды тамашалау балалардың ой-өрісін кеңейтеді, әңгімеге араласуға, ашылуға, ойын еркін жеткізуге бейімдейді. Біздің көрермендеріміз өте шынайы, сондықтан балалардың көңілінен шығу үшін барымызды саламын» дейді театр әртісі Айжан Садықова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button