БілімҚұқықРуханият

Балалар әдебиеті – тәрбие бастауы

 Елорданың барлық кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары ашылып, оның әрқайсысында көрмелер ұйымдастырылып,  тиісті жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

[smartslider3 slider=714]

Бұл – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба. Жоба аясында жастардың танымал ақын-жазушылармен, ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесулері өткізіледі.

Сондай кездесулердің бірі Нұр-Сұлтан қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өтті. ­«Балалар әдебиеті – ұлттық рухтың қазығы» атауын алған аталмыш кездесу Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында ұйымдастырылды.

Шарада балалар әдебиеті бағытында қалам тербеп жүрген қаламгерлермен әңгіме жүргізіліп, сұрақтар қойылды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button