Денсаулық

БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ҚОНЫС ЖАҢАРТТЫ

3a9ef480ee21a57a6824e7ce4d2

Елорда әкімдігі соңғы жылдары шаһардың денсаулық сақтау мекемелерін заманауи қалыпқа сай үй-жайларға орналастырылу ісіне айрықша мән беруде.

Осыған орай №2 қалалық емхананың балалар бөлімшесі Желтоқсан көшесі, 34-үйдегі бұрынғы №1 қалалық балалар ауруханасынан босаған ғи­маратқа қоныс тепті.

Ал, бұрын-соңды науқас балалардың көптігінен орын тапшылығын сезініп келген №1 балалар ауруханасының еншісіне  Тәуелсіздік даңғылы 11/1 мекенжайындағы кең де жарық ғимарат тиді.

Айта кетерлік жайт, қаламызда балаларды емдеуге маманданған екі аурухана бар. №1 қалалық балалар ауруханасы – 120 төсек орынға арналған көп бейінді стационар. Мұнда, әсіресе, туабітті дімкәстікке шалдыққан, шала-жансар туған, неврологиялық патологиясы бар  балаларды емдейтін білікті дәрігерлер қызмет етеді. Ал, Қошқарбаев көшесіндегі 4 мамандандырылған стационарлық бөлімше және 9 параклиникалық (көмекші) бөлімшелері бар №2 қалалық балалар ауруханада негізінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ем-дом жасалады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button