Басты ақпарат

Балалар бос уақытын қалай өткізеді?

Еліміздің астанасы – Еуразиядағы маңдайалды озық мегаполис қатарына қосылған Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын бала санының көбеюіне байланысты олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қандай жұмыстар жүргізілуде, қаламызда спорт секциялары, үйірмелер қолжетімді ме, көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар үшін тегін бе деген сауалдарды Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гульфара Сарамбетоваға қойған едік.

[smartslider3 slider=3591]

 – Мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін спорт секцияларына қабылдау бойынша қызметтер тегін негізде ұсыну қамтамасыз етіледі. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, девиантты мінез-құлықты балалар спортпен айналысатындар контингентіне қабылдау кезінде басымдыққа ие.

– Қалада спортты дамытудың қандай кешенді жоспарлары, тетіктері бар? Қаржылық қолдау барысы қалай?

– Білім басқармасының іс-шаралар жоспарында жыл бойы дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары мен дене шынықтыру, спортпен шұғылдануды танымал етуге, салауатты өмір салты құндылықтарын тәрбиелеу арқылы оқушылардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасауға және білім алушылардың денсаулықты нығайту тәсілдері мен зиянды әдеттердің алдын алу жөніндегі шаралар туралы түсініктерін жүйелеуге бағытталған конкурс өткізу көзделген.

Қазіргі уақытта барлық жастағы балаларды кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралармен, оның ішінде 9-11-сынып оқушыларын «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты іс-шара аясында спорттың 10 түрі бойынша: кросс, футбол, президенттік жазғы көпсайыс, баскетбол (қыздар, ұлдар), шаңғы жарысы, президенттік қысқы көпсайыс, волейбол (қыздар, ұлдар), тоғызқұмалақ ойындарымен қамтып отырмыз.

Колледж студенттері үшін спорттың 12 түрі бойынша – футбол, президенттік қысқы және жазғы көпсайыс, баскетбол (қыздар, ұлдар), волейбол (қыздар, ұлдар), тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шаңғы жарысы, кросс, қазақ күресі секциялары «Біз Қазақстанның болашағымыз!» аясында ұйымдастырылуда.

5-11-сынып оқушылары үшін ұлттық мектеп лигасының бағдарламасы бойынша жарыстар, оның ішінде баскетболдан «Алтын доп», волейболдан «Шұбар доп», футболдан «Былғары доп», футзалдан «Теңбіл доп», шахматтан «Ақбозат» және ұлдар мен қыздар арасындағы ұлттық ойындардан 3 жас санаты бойынша ойындар өткізіліп жүр.

5-6-сынып оқушылары жыл сайын жаз мезгілінде «Дидарлы жаз» жобасын іске асыру шеңберінде қозғалмалы ойындар бойынша жарыстарға қатысады. «Ұлттық ойындар – асыл мұрамыз» турнирінің бағдарламасы бойынша әртүрлі жастағы оқушылар спорттың 8 түрі – жүзік ату, бес тас, асық ату, ләңгі тебу, гір спорты, арқан тартыс, қазақ күресі, тоғызқұмалақ бойынша жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады. Барлық жарыстар кешенді сипатқа ие және жыл бойы үш кезеңде – мектепішілік, аудандық, қалалық деңгейде өтеді.

«Өркен» балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының 2021-2022 оқу жылы жоспары бойынша өткізілген барлық қалалық спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың қорытындылары бойынша қатысушылар саны 64970, оның ішінде – ұлттық мектеп лигасының бағдарламасы бойынша – 9362 оқушы, колледждердің ұлттық лигасы бағдарламасы бойынша – 812 оқушы, дене шынықтыру-сауықтыру шаралары – 3655 оқушы, конкурстар – 45298 адам, оның ішінде «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру – бұл ең үздік мәдениет!» бағдарламасы бойынша – 45144 оқушы, әскери-патриоттық бағытта – 5843 оқушы, барлығы 74 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шарасы, жарысы өткізілді.

– Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептен тыс жұмыстарға қосымша ақы төлеу енгізілгені туралы айтсаңыз.

– Жалпы білім беретін мектептерде спорт секцияларының жұмысын ұйымдастыру сабақтан тыс уақытта БЛЖ-дан 100 пайыз мөлшерінде сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін төленеді. 81 мектепте 569 дене шынықтыру мұғалімі 573 сабақтан тыс спорт сабақтарын өткізуге жұмылдырылды. Сабақтан тыс спорттық сабақтарға қатысатын балаларды қамту 10591 оқушыны құрайды.

– Жалпы алғанда, елордалық балалардың қанша пайызы қосымша спорт секцияларымен және үйірмелерімен қамтылды? Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі туралы және білім беру ұйымдарындағы секциялардан бөлек, жасөспірімдер спорт мектебінде қанша бала білім алып жатыр?

– 2021-2022 оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласының 93 жалпы білім беретін мектебінде 36540 оқушыны қамтитын 763 спорт секциясы жұмыс істеді, оның ішінде 12432 оқушы дене шынықтыру мұғалімдерінің басшылығымен өткізілген 573 сабақтан тыс спорт сабақтарымен қамтылды.

Мектеп және мектептен тыс спорт секцияларында қатысушыларды қамту 80525 баланы құрайды. Бұл – қалалық Білім басқармасының берген дерегі. Тек Балалар жылы ғана емес, жалпы бұқаралық спортты кешенді түрде үздіксіз дамыту ұлт болашағына жасаған қамқорлық болар еді.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button