Елорда тынысы
Балалар денсаулығын тексереді

Нұр-Сұлтан қалалық №3 көпбейінді ауруханада 21 мамырда балалардың денсаулығын нығайту мақсатында бірнеше акция өтеді. Шара барысында алдымен қыздарға арналған медициналық тексеру жоспарланып отыр.
[smartslider3 slider=3031]
Қабылдауды жоғары білікті гинеколог-дәрігерлер жүргізеді. Медициналық тексеруге 18 жасқа дейінгі қыздар қатыса алады. Сондай-ақ аурухананың дерматологиялық блогында тері аурулары бар балаларға, жалпы тері ауруларын анықтауға қатысты медициналық тексеру жүргізіледі. Аталмыш акция Балалар жылына арнап өткізіліп отыр. Қала тұрғындары қосымша ақпаратты мына нөмірге хабарласып біле алады: 8-702-233-76-26.