Жаңалықтар

Балалар екпе алды

Кеше Comirnaty Pfizer/BioNTech екпесімен елордадағы жасөспірімдерді егу үшін №88 мектепке жылжымалы бригада барды. «Шипагер» отбасы денсаулығы орталығының дәрігерлері алдымен ерікті түрде екпе салдырғысы келген оқушыларды кабинетте қарап, жалпы жағдайын тексерді.

[smartslider3 slider=932]

Ата-аналар баласының қасында тұрып анкета толтырып, келісімдерін берді. Медицина қызметкерлері бұл келісімді дереу сканерлеп, деректер базасына енгізді. Қарсы көрсетілімдер болмаған балаларға келесі кабинетте аталған екпе салынды. Сосын олар бөлек залда ата-анасымен бірге 30 минут дәрігер бақылауында болды.

«Бүгін 36 балаға екпенің бірінші компоненті салынды. Екіншісін 8 желтоқсанда алады. Балаларға ата-анасының көзінше екпе салудамыз» дейді «Шипагер» орталығының директоры Айжамал Төлегенова. Аталған мектептегі 11-сынып жетекшісі Ботагөз Шапишова өз сыныбындағы 21 оқушының төртеуі екпе салдыруға келісім бергенін айтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button