Мәдениет

Балалар кітап оқи ма?

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен елорданың орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханаларында Балалар кітабының апталығы басталды. Бұл ауқымды жобаның ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі, сондай-ақ танымал қазақстандық газеттердің редакциялары.

[smartslider3 slider=2519]

Аталған жоба балалардың кітап оқуға деген қызығу­шы­лығын оятуға және мектеп оқушыларының демалысын тиімді өткізуге мүмкіндік беру үшін жасалған. Балалар кітаптарының апталығы кезінде қызықты оқиғалар желісі, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады.

Апталық @kitap_qala_reserve Instagram парақшасында «Кітаптардың туған күні» атты ойынмен ашылды. Онда балалар кітаптары ойнатылып, 10 жеңімпаз анықталды. Бүгін сағат 13:00-де жазушы, ғалым, мәдениеттанушы Юрий Нечипоренкомен онлайн-кездесу ұйымдастырылады. Ал 30 наурызда «Ертегім неткен… мұратына жеткен ертегі терапиясы» шарасы өтеді. Бейсенбі күні актриса Александра Лумповамен «Кеттік» атты кинолекторий болады. Жұмада елорда кітапханаларының барлық Instagram парақшаларында бейнероликтер мен кітаптардың таныстырылымы жарияланып, онда кітапханашылар мен оқыр­мандар жаңа шыққан балалар кітаптарын таныстырады. Апталық 2 сәуір күні «Кітап мейірім­ділікке, жақсылыққа, жарқын өмірге жетелейді» атты шарамен түйінделеді. Оған қазақстандық жазушылар қатысады.

Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі барша оқырмандарды кітап апталығына белсенді қатысуға шақырады.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button