Елорда тынысы

Балалар корпусы ашылады

Жыл соңына дейін көптен күткен күрделі жөндеуден кейін №4 қалалық емхананың балалар корпусы қала тұрғындары үшін ашылады. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов жазды.

Аталған емханада жеткізу және шығару желдету жүйесі, шатыр, лифт қондырғылары, керамогранит, терезелер, есіктер толығымен ауыстырылып, кондиционерлер орнатылды. Сонымен қатар, емдеу мекемесінің медициналық техникалары айтарлықтай жаңартылып, медицина қызметкерлері мен келушілерге арналған жиһаздар сатып алынды.

– Емхана 2007 жылдан бері жұмыс істейді және содан бері жөндеу көрмеген. Соны ескеріп қолға алынған жөндеу жұмыстары елорда әкімдігі мен мәслихат депутаттары қабылдаған және әзірлеген «Астананың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының» арқасында мүмкін болды, – деді Е.Каналимов.

Оның айтуынша, құрылғалы бері алғаш жөндеуден өткен №4 қалалық емхана мен №5, №8, №11, №15, №1 көпбейінді балалар ауруханасының орталық зарарсыздандыру бөлімшесі және медицина саласының басқа да бірқатар объектілері қайта ашылып жатыр. Бұл мекемелерде лифт жабдықтары, жылу трассалары, шатыр жабыны ауыстырылып, медициналық жабдықтар сатып алынған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button