Жаңалықтар

Балалар күні қалай басталды?

1 маусым  –  Балаларды қорғау күні әлемнің көптеген елдеріне ортақ мереке. Бұл күннің тарихы қалай басталды?

1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік конференцияда атаулы күннің негізі қаланды десе де болады. Неге басқа емес, дәл 1 маусым күнінің таңдалғандығы жайында нақты мәлімет жоқ. Деректердің бірі  1925 жылдың 1 маусым күні Қытайдың АҚШ-тағы бас консулы Сан-Франциско қаласында «Айдаһар-қайық фестивалін» тойлау үшін жетім балаларды жинаған екен деседі. Женевада өткен конференция да 1 маусымда өткен. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан жетім қалған балалардың жайын 1949 жылы Парижде өткен  әйелдер конгресінде көтерді. Осыған орай, келесі жылы 1950 жылы 1 маусымда алғаш рет мереке ұйымдастырады.  Жаңа бастаманы  көптеген елдер қолдап, осы күнді балалар мерекесіне айналдырды. Енді бір ресми деректерде  Балалар күні алғаш рет 1955 жылдың қазан айында Женевадағы ”Балалардың әл-ауқаты халықаралық бірлігі” ұйымының ықпалымен дүние жүзі бойынша аталып өтті делінеді. 1954 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Рубаб Мансурдың тарапынан балалар күнін атап өту бастамасы айтылады. Бұл бастама Бас Ассамблея қолдауымен БҰҰ-ға мүше елдерге  ұсынылған.

Әлемнің көп елдері 1 маусымды Халықаралық балалар күні деп атап өтетіндігіне қарамастан, кейбір елдерде басқа күндері де мерекеленеді екен. ”Халықаралық  балалар күні” Малайзияда қазан айының соңғы сенбісі күні, Оңтүстік Кореяда мен Жапонияда 5 мамыр күні, Сингапурда 1 қазан күні, Түркияда 23 сәуір күні тойланады. Ал Африкада  балаларын қорғау күні  16 маусымға белгіленген.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button