Елорда тынысы

Балалар өлімі азайды

Елордада COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі балалар инфекциялық патологиясы республикалық ғылыми конференция барысында талқыланды. Жетекші мамандар балалардағы түрлі жұқпалы патологиялардың себептерін және осы мәселелерді шешу жолдарын зерттеді.

[smartslider3 slider=2570]

Бұл конференция биылғы балалар жылына орайластырылған. Оған медициналық білім беру мекемелерінің басшылары, профессорлар, ғылым докторлары және өңірлерден өзге де мамандар, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты. Өзінің кіріспе сөзінде министр балалардың денсаулығын қорғау денсаулық сақтау жүйесі жұмысының өзекті және маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бүгінгі таңда әйелдер мен балаларға медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған кешенді шараларды жоспарлы түрде іске асырудың арқасында соңғы онжылдықта балалар мен нәрестелер өлімі 2 есе төмендеді. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов балаларды вакцинациялау, вирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу, елдегі нейроинфекция жағдайы және т.б. мәселелерді көтеру маңызды екенін айтты.

Конференция барысында пандемия аясында инфекциялық ауру салдарынан балалардың өлімі мен мүгедектігін азайту үшін ҚР ДСМ жетекші мамандары атынан мультидисциплинарлық сараптама комиссия­сын құру туралы ұсыныс айтылды. Сондай-ақ түрлі жұқпалы ауруларға қарсы балалардың вакциналарын алудың маңыздылығы көрсетілді және бұл мәселеде ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас орнатудың маңызы зор дейді сарапшылар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button