Басты ақпарат

Балалар қайда демалады?

Балалардың жазғы демалысы төл мерекелерімен басталады. Одан кейін кейбірі ауылға, енді бірі лагерге баруға асығады. Биыл елордалық балалар қайда демала алады?

[smartslider3 slider=3106]

  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша, мектеп жанындағы лагерлерден бөлек, 2 профильді, 2 қала сыртындағы (Ақмола облысындағы Ақкөл ауданында орналасқан «Арман» және «Боровичок») және 2 шатырлы («Батыр» және «Тұлпар») лагерь жұмыс істейді. Бұл 176025 оқушыны қамтып отыр. Сонымен қатар балалардың, Білім және ғылым министрлігінің бөлінген квоталарына сәйкес, «Балдәурен-Щучинск», «Балдәурен-Қапшағай», «Балдәурен-Балқаш» (5-9-сынып), «Бөбек» (1-4-сынып) республикалық сауықтыру лагерлерінде демалуға мүмкіндігі бар.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Мәдина Сүлейменованың айтуынша, биыл балалардың жазғы демалысын өткізу жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр.

– Балалардың жазғы демалысы екі бағытта жүреді. Біріншісі – сауықтыру, екіншісі – еңбекпен қамтылуы. Былтыр жыл соңында мектептерден бюджеттік өтінім сұраған болатынбыз. Бюджеттік өтінімге сай балалардың демалысына Білім басқармасы 149 млн қаражат бөлді. Осыған орай, балалар мен ата-аналарға «қайда демаласыз?» деген тақырыпта сауалнама жүргіздік. Олардың ата-аналарымен бірге алыс-жақын шетелге, санаторийге баратынын да ескердік. Профильдік лагерлер үш маусымда, қала сыртындағы лагерлер алты маусымда жүргізіледі. Лагерге қатысу үшін ата-ана өтінішті мектепке тапсырады. Біз сол арқылы тізім жинақтаймыз. Лагерлерге ерекше қажеттілігі бар балалар тегін барады. Мектептердің жұмысын жандандыру үшін әртүрлі номинацияда лагерлер арасында байқау жүргіземіз.

Қандай лагерлер бар?

Елордалық 1-4-сынып оқушылары мектеп жанындағы, 5-8-сынып оқушылары профильді, ал 9, 10-сынып оқушылары жекеменшік лагерлерге бара алады. Мектеп жанындағы лагерлер БҒМ бойынша бекітілген арнайы концепциядағы 10 бағытта жұмыс істейді. Мұнда балалар қаладағы мәдени орындарға барып, түрлі концерттік іс-шараға, қойылымға қатысады. Екі шатырлы лагердің біреуі этникалық бағытта жұмыс істейді. Қатысу үшін балалар өтініш бере алады. Ал 2 профильді бағытта жұмыс істейтін лагерлер әл-Фараби атындағы және М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында ашылды. М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайындағы профильді лагерге «Ақниет» қоғамдық қорының қолдауымен 150 бала тегін барады. Мұнда олар, тамақтанумен қатар, тәрбие саласының 7 бағыты бойынша барлық іс-шараға қатысады. «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымдары балаларға тілдік лагерлерді ұйымдастырып отыр. Тегін қатысумен қатар, онлайн оқуға мүмкіндігі бар.

Бұдан басқа, жыл бойы жұмыс істейтін республикалық лагерлер бар. Олар: «Балдәурен-Балқаш», «Балдәурен-Қапшағай», «Балдәу­рен-Щучинск». Республикалық квота бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан 800 орын бөлінген. Бұған көпбалалы, әлеуметтік осал топтағы отбасы және қамқоршылығынан айырылған балалар тегін бара алады. Тек жолақысын өздері төлейді. Жатын орын, 14 күндік демалыс ақысыз болады. Ал бұл санатқа кірмейтін балалар жетістігі бойынша белгілі бір тақырыпты таңдап, өтініш жібереді. Сол арқылы іріктеуден өте алады. «Бөбек» лагері де осы бағытта жұмыс істейді.

Басқа қандай бағыттар бар?

«Жасыл ел» бағдарламасы 1200 баланы еңбекпен қамтиды. Оған көпбалалы, әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың балалары алынады. 10 күн еңбек етіп, 64000 теңге жалақы алады. Мұнда балалар мектеп жанындағы көгалдандыру, гүлдендіру, ауланы тазалау жұмысымен айналысады. «Жасыл ел» бағдарламасы өкілдері ата-аналарымен арнайы келісімшартқа отырады. Бұған 7-10-сынып оқушылары қатыса алады.

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында жазғы дебат мектебі бар. Онда балаларды оқытады, дайындайды, сертификат береді. Сондай-ақ №60-мектеп-лицейінің балалары дебат бойынша республикалық деңгейде жүлделі орын алып жүр. Олар да онлайн-дебат мектебін ашып, оқытып жатыр.

Биыл көптеген мектептерге атау берілді. Атап айтсақ, Ахмет Байтұрсыновтың есімі №48 мектеп-лицейге, Міржақып Дулатов есімі №68 мектепке, Мұхтар Әуезовтің есімі №86 мектепке берілді. Оқушылар мектептің аты берілген тұлғалардың музейіне барып, 1-3 күндік саяхат жасайды. Бұл, негізінен, демеу­шілердің қаражатымен жүзеге асады. Мәселен, №40 Әлкей Марғұлан атындағы мектепте жыл сайын «Марғұлан ізімен» атты экспедиция өтіп жүр.

Қауіпсіздік шаралары сақтала ма?

Мектеп жанындағы жазғы лагерлер әр 10 күн сайын жаңа топты қабылдап отырады. Мұнда ыстық тамаққа 1 балаға бір күнге 450 теңге төленеді. Әлеуметтік осал топқа жататын және көпбалалы отбасы балалары ыстық тамақпен тегін қамтылады. Ыстық тамақ күніне бір рет беріледі. Лагерлердің жұмысын тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарованың айтуынша, қауіпсіздік бойынша арнайы бұйрық шыққан.

Балалардың ойын алаңы арнайы тексеріледі. Ал шомылуға балалар

Айзада Жайыққызы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button