Мәслихат

Балалар қауіпсіздігі – бірінші орында

Жақында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Нұрдәулет Оразхановтың атына №38 көшеде орналасқан «BINOM School» мектеп-лицейі оқушыларының ата-аналары атынан Зиуар Жұманова өтініш түсірді. Өтініште балалардың мектепке жетуі бойынша бірнеше мәселе атап көрсетілген.

[smartslider3 slider=2257]

 

Мәселе мынада екен: біраз ата-ана балаларын мектепке жеке көліктерімен әкелетіні жасырын емес. Алайда мектептің жаны көліктердің үлкен ағынына лайықталмаған. Сол себептен білім нысаны жанында кептеліс пен апатты жағдайлар орын алып жатады. Оның үстіне оқушылардың жолы құрылыс алаңы арқылы өтеді. Тағы бір мәселе – мектеп маңайында аялдама жоқ. Сол себептен авто­бустар өте алыс тоқтайды. Осының бәрі ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне алаңдауға негіз тудырып отыр.

Қалалық мәслихатқа хат түскеннен кейін құрамында Нұрдәулет Оразханов, Назгүл Мақжан, Серік Түсіпов бар депутаттық топ аталмыш мектепте кездесу ұйымдастырды. Оған Құрылыс, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармалары, Полиция департаменті, Есіл ауданы әкімдігі, «BI GROUP» холдингі мен «City Transportation Systems» ЖШС өкілдері қатысты. Жиынға қатысқандар мектепке жету проблемаларымен танысып, оқушылардың білім нысанына келу жолымен жүріп өтті.

– Әрине, осындай заманауи мектептер керек. Олар балалардың білім сапасын арттырады. Алайда оқушылардың қауіпсіздігі бірінші орында болуы керек. Мектептерді, тұрғын үйлерді салуды бастамай тұрып қоғамдық көліктің қатынауын, ол үйлерде тұратын тұрғындардың, мектепте оқитын балалардың жайлы тұрмысын қарастыру қажет, – деді қалалық мәслихат депутаты Назгүл Мақжан.

Кездесу қорытындысында депутаттар жауапты мекемелерге барлық проблемаларды қысқа мерзімде шешуді тапсырды. «City Transportation Systems» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева №28 автобус бағдарын созуды ойлас­тыратындарын жеткізді. Нәтижесінде 19 ақпаннан бастап аталмыш бағдар маршруты созылып, мектеп жанында тоқтайтын болды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button