Қоғам

Балалар қауіпсіздігі жөнінде ауқымды жиын өтті

Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелерінде ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында №72 мектеп-лицейінде «Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жиналысқа Білім басқармасының, прокуратураның, Астана қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, қалалық психикалық денсаулық орталығының, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектордың, Психологиялық қолдау орталығының және әкелер кеңесінің өкілдері қатысты.

Ата-аналар жиналысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудағы отбасының рөлі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың белгілі бір түрлері үшін ата-аналардың жауапкершілігі және т.б. мәселелер көтерілді.

Жиында балалар қауіпсіздігі, электрондық темекіні сатудың заңдылығы, балалардың тәуліктің кеш уақытында көшеде болуы және т.б. мәселелер талқыланды.
Ата-аналар үшін мектеп Парламенті жасаған бейнеролигі ұсынылды. Жиынға 250-ден астам ата-ана қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button