Басты ақпаратЕлорда тынысы

Балалар қуанған күн

Астанада «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» атты балалар шыршасы өтті. Мемлекет басшысының атынан шыршаға астаналық 200 бала шақырылды.

Олардың ішінде жетім балалар, ерекше қажеттіліктері бар балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сол сияқты көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, оқуда, спортта, шығармашылықта және тағы басқа жетістіктерге жеткен дарынды балалар болды.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Әрбір отбасыға, әр балаға зор денсаулық, бақыт, табыс тілеймін. Бүгінгі шырша тойы балаларымыз үшін арнайы ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Балалар жылы болып жарияланған болатын. Мемлекет балаларымыз бен олардың ата-аналарына жағдай жасау үшін аянбай еңбек етіп жатыр. Елдің болашағы – бүгінгі балалардың қолында. Балалар бір жыл бойы барын салды, оқуда озат болды. Тілектеріңіздің орындалуын, алдағы жоспарларыңыздың іске асуын тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!» деді Жеңіс Қасымбек.

Балаларға арналған түрлі түсті шоу-қойы­лым, мульт­фильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ балаларға киім-кешек, спорт рюкзагы, ойыншықтары бар тәтті сыйлықтар сатып алу үшін сертификат тапсырылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button