ЖаңалықтарҚоғам

Балалар шаттанған күн

Балаларға арналған жаңа жылдық шырша шарасы жалғасын тауып жатыр. Бұл жолы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы балаларға арналған жаңа жылдық шырша өткізді.

09

«Мейірімді қала» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған шараға аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары қатысты. Бір жарым сағаттық «Ертегілер жәрмеңкесі» интерактивті шоуы аясында балаларға қызықты ойындар ұсынылды. Аталған қайырымдылық акция астаналық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шәкір Хахазовтың қолдауымен ұйымдастырылды.
– Қалалық Ассамблея осындай қайырымдылық акцияларын үнемі өткізіп отырады. Мәселен, біз осы жылдың басынан бері «Қайырымдылық керуеніне» қатысып, бірнеше баланы қамқорлыққа алдық. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында этномәдени орталыққа тіркелген отбасылардың балаларын киім-кешекпен қамтамасыз еттік, – дейді Астана қалалық ҚХА хатшылығының өкілі Галина Кобзева.
Балалар тек қана жаңа жылдық шырша ойындарына қатысып қоймай, мерекеге орай тәтті сыйлықтар алды.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button