Елорда тынысы

Балалар шықты сахнаға

Елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған ХV қалалық «Шаттық-2022» шығармашылық байқауы басталды. «Шаттық» фестивалі – жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқау. Оған Нұр-Сұлтан қаласы білім мекемелерінің үздік жас музыканттары, хореографтары, суретшілері мен техникалық дизайнерлері және үздік ұстаздары қатысуда.

[smartslider3 slider=2620]

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары Айымгүл Жабаеваның айтуынша, іс-шара Балалар жылы аясында кең көлемде ұйымдастырылған.

«Шығармашылық байқау Нұр-Сұлтан қаласы білім мекемелерінің арасында өткізіліп жатыр. Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен қосымша білім беру мекемелері ұйымдастырды. Екі жыл бойы елдегі жағдайға байланысты байқауды өткізе алмадық. Карантиндік шаралардан соң қайта ұйымдастырып отырмыз. Балаларға білім берумен қатар шығармашылығын дамыту – біздің мақсатымыз. Сол мақсатта жыл сайын өтетін дәстүрлі байқау биыл Балалар жылына арналып отыр» деді ұйымдастырушылардың бірі.

Жеті күн бойы өтетін байқау түрлі номинациялар бойынша өтіп жатыр. Атап айтқанда, қатысушылар вокал, хореография, аспапты музыка, театр, бейнелеу өнері, фотосурет, хор әні, 3Д-модельдеу бойынша бақ сынайды. Жеке қатысушылармен бірге 8-18 жастағы шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін шыңдайды.

Байқауға 115 білім мекемесінен 4000-нан аса бала қатысып отыр. Өнер және мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, театр, эстрада, балет жұлдыздары мен кәсіби суретші, фотографтардан құралған әділқазылар үздіктерді анықтайды. Марапаттау рәсімі 30 сәуірде «Балалық шақ – назарда!» атты гала-концертте өтеді. Жеңімпаздар алтын, күміс, қола статуэткалар және дипломмен марапатталады.

Айзада Жайыққызы

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button