Спорт

Балалар спортына қолдау бар

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында елімізде бұқаралық спортты дамытуға, оның ішінде балалардың спортпен айналысуын қолжетімді етуді атап айтқан болатын. Осы орайда Балалар жылы аясында көптеген іс-шара жүзеге асырылды. Астана қаласында балалар спортын дамыту және қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін биыл елорда бюджетінен 5,6 миллиард теңге бөлінді.

– Бүгінде Астанада мемлекеттік тапсырыс бойынша спорттың 25 түрінен 575 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Жыл басында берілген ваучерлер саны 44998 болса, оның ішінде белсендісі – 27369 ваучер. Өткен жылы спорт бағдарламасына 602 млн теңге бөлінсе, биыл қарқын алып, 1,3 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар бюджетті нақтылау кезінде мәслихат депутаттарының қолдауымен қосымша қаражат бөлінді. Осылайша жергілікті бюджеттен бас-аяғы 5,6 млрд теңге қаржы бөлінді, – деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеғали Кәрбозов мәслихат мәжілісінде.

Оның айтуынша, таяуда спорт секцияларына Үкімет резервінен қосымша 660 млн 201 мың теңге қаржы бөлінді.

Келесі жылға бюджет лимиті бойынша 2 млрд теңге қарастырылып отыр. Проблемаларға келсек, біз жоғарыда аталған 575 спорт секциясының бәрін барып қарап үлгермедік. Өйткені бізде мониторинг жүргізетін құзырет жоқ. Біз аталған жайт бойынша Қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс істеуге тырыстық. Әзірге мәселе өз шешімін таппай тұр. Спорт секциясына барған баланың ата-анасы табельге қол қояды. Қазан айынан бастап ArtSport платформасы бізге IP-мекенжайды көру мүмкіндігін берді. Аталған мүмкіндік арқылы бір мезетте 80-90 баланың қол қойғанын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, бізде ол ақпараттың рас екенін тексеретін мүмкіндік жоқ. Дегенмен жеткізуші мен балалардың ата-анасынан секцияға барып жүргені туралы мәліметті алып отырмыз, – деді Е.Кәрбозов.

Сондай-ақ Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы бақылау мен қадағалау мәселесін жүйелеу керегін жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button