Балалар терезеден құламауы үшін профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Балалардың терезеден құлауының алдын алу аясында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорданың көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде үгіт-насихат шараларын жүргізуде. Тұрғындарға жадынамалар таратылып, қауіпсіздік пен балалар жарақатының алдын алудың негізгі ережелері туралы айтылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осы уақыт ішінде құтқарушылар 3 000-нан астам көппәтерлі тұрғын үйді аралап, 12 000-нан астам жадынама орналастырып (әр кіреберісте және лифттерде 1-қабатта), 15 075 тұрғынға түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Профилактикалық акция аясында ТЖД қызметкерлері көпбалалы отбасылар тұратын пәтерлерге балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін терезе блоктарына 45 қауіпсіздік құлпы (блокаторлар) орнатылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Құтқарушылар қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салады:
– үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені ол баланың өміріндегі соңғы сәт болуына немесе өмір бойы сал болып қалуына түрткі болуы мүмкін;
– балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе олар терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнаған кезде;
– терезені масадан тиісті қорғаусыз торларын пайдаланбаңыз, балалар онда сүйенуді ұнатады, оларды сенімді тірек ретінде қабылдайды, содан кейін тормен бірге құламауына кім кепіл;
– баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) терезелерге орнату керек;
– бала терезеге көтерілмеуі үшін жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз.