Жаңалықтар

Балалар тісін тегін емдейді

Елордада 16 маусымға дейін жалғасатын «Балаларға күлкі сыйла» шарасы өтіп жатыр. Балалар мерекесінде бастау алған акция барысында 18 жасқа дейінгі балалар жекеменшік стоматология­лық клиникаларда тістерін тегін емдете алады.

[smartslider3 slider=3151]

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының бастамасымен өткізіліп жатқан бұл акцияға қор базасындағы жеке меншік стоматологиялық клиникалар қатысуда. Тізімді мына сілтеме бойынша қарауға болады: https://fms.kz/kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі. Олардың арасында тера­певтің қабылдауы, тісті жансыздандыру, жақ­тың немесе тістің рент­генографиясы, химиялық материалдардан пломба салу, пульпит пен перидонтитті емдеу, тісті хирургиялық жолмен жұлу, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, т.б. қызметтер кіреді» дейді аталған қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Рыс­қалиұлы Қабдықапаров.

Стоматологиялық көмек көрсету кезінде пациент медициналық ұйымды өз еркімен таңдайды, яғни учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді. МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғаның статусы туралы, жарналар мен аударымдарды төлеу немесе медициналық көмек алу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының астаналық филиа­лына ресми байланыс арналары арқылы жүгінуге болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

     Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button