Қала мен Сала

Балаларды аурудан қалай қорғаймыз?

Елордалық дәрігерлер балаларды коронавирус­тың ауыр түріне шалдығудан қалай сақтауға болатынын айтты. Дәрігерлердің айтуынша, бала дерттің ауыр түрімен ауруы мүмкін. Негізінен, тәуекел тобына бір жасқа дейінгі және есепте тұрған балалар, яғни қант диабеті, бронх демікпесі сияқты созылмалы аурулары бар балалар жатады.

[smartslider3 slider=3762]

№6 қалалық емхананың І санатты педиатр дәрігері Жанар Кәрім балалардағы коронавирус инфекциясының қаупі және алдын алу шаралары туралы айтып берді.

– Міндетті түрде балаларға жеке гигиена ережелерін үйрету керек. Сондай-ақ қазір адамдар көп жиналатын орындарға, сауда, ойын-сауық орталықтарына, балалар алаңдарына баруды шектеу қажет. Маска режимін сақтауды ұмытпаңыз. Балаларды қолдарын дұрыс жууға үйрету керек, – деп кеңес береді Жанар Кәрім.

Коронавирустың ауыр ағымын болдырмау үшін дәрігерлер 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялауды ұсынады. Бала тіркелген медициналық мекемелерде Pfizer вакцинасы салынады. Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап вакцинация мектептерде, медициналық пункттерде медицина қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button