Жаңалықтар

«БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ЖИНАЙМЫЗ» КОНСТИТУЦИЯ НЕГІЗДЕРІ БАЯНДАЛДЫ

Астанадағы этно-мәдени орталық өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Ата заңның негізгі ұстындары мен қағидаттары кеңінен сөз болды. Бас қосқан 26 ұлт пен ұлыс өкілдері Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық іргесі қаланғаннан бастап жүргізілген реформаларды саралады.

Еліміздің алғашқы Кон­ституциясы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған. 1995 жылы Президент Н.Назарбаев жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін сараптамалық-консультативтік кеңес құру жөнінде қаулы шығарды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының екінші сессиясында жан-жақты талқылаулардан кейін Конституция жобасын қолдау жөнінде қарар қабылданды. Аталмыш қарарда Президент­ке Конституция жобасын жалпыхалықтық талқылауға шығару ұйғарымы жасалды.

1995 жылдың 30 маусымы мен 30 шілдесі аралығында Конституция жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияла­нып, оған еліміздің барлық жұртшылығы өз ұсыныстары мен толықтыруларын жа­сады. Конституция жо­басын талқылауға 3,3 млн Қазақстан азаматы қатысқан. Талқылау барысында аза­маттардан, ұжымдардан, қоғамдық және саяси ұйымдардан, ұлттық-мәдени орталықтардан 32000 ұсыныс пен толықтыру нұсқасы келіп түскен. Аталмыш ұсыныстар мен толықтыруларға консультативтік кеңес ғылыми сараптама жасап, Конституцияның түпкілікті нұсқасына 1100-ден аса түзетулер мен толықтырулар енгізді.

Жиында сөз алған түрлі ұлт өкілдері Конституция тари­хына терең тоқталып, Ата заң барлық құжаттың бастауы екендігін баяндады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button