ЖаңалықтарИмантаразы

БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

ERA_5103

Елімізде бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында биыл «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Бір баланы киіндір!» атты қайырымдылық шарасы өтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Сатыбалдыұлының бастамасымен ұйымдастырылып отырған шарада тұрмысы төмен отбасы балаларына жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен мектеп формалары таратылды.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 256 оқушы мектеп формасы мен қалам-қарындаш, дәптер, сөмке секілді қажетті заттармен қамтамасыз етіліп, қуанышқа бөленді. Қайырымдылық шараларға жұмсалған жалпы қаражат көлемі 5 120 000 теңгені құрады.

Айта кетейік, мұндай акция «Әзірет Сұлтан» мешітінде былтыр да ұйымдастырылған еді.

«Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге қосылған тамшыдай болған бұл әрекеттердің егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалғанын естен шығармайық. Мешіт және демеуші азаматтардың арқасында жүзеге асқан жақсылық істің жалғасы болуын жазсын» деді Серікбай қажы Ораз.

Жайық НАҒЫМАШ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button