Басты ақпаратЕлорда тынысы

Балаларды сыйлықпен қуантты

Аудан әкімдіктері Жаңа жыл қарсаңында елорданың жас тұрғындарына арнап шырша мерекесін өткізді. Осыған орай, Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің дәстүрлі жаңа жылдық шыршасы ерекше көңіл күйде өтті. Аталған іс-шараға 500-ден астам бала қатысып, олардың әрқайсысына жаңа жылдық сыйлық табысталды.

Аудан әкімі Дәрменияр Қыдырбек­ұлы балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жарқын болашақ пен сәттілік тіледі. Іс-шарада балалар үшін түрлі ойын, қойылым, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен қызықты бағдарлама мен ертегі ұйымдастырылды. Мерекелік сыйлықтардың басты демеушісі «Полимерстрой-Қазақстан» ЖШС салтанатқа өз үлесін қосып, әр балаға жаңа жылдық сыйлық ұсынды.

Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да тәрбиеленушілерге арнап ертегіге толы концерт бағдарламасы ұйымдастырылып, тәттілер мен ойыншықтар ұсынылды. Оған Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов қатысып сөз сөйлеп, арнайы құттықтады. Сондай-ақ ол Астана қаласының №2 және №3 арнайы мектептерінің оқушыларын құттықтады.

«Өткен жылы депутаттық корпус­пен бірлесе отырып, бұл мектептерге барып, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға қолдау көрсеттік. Балаларға бос қолмен келмей, жаңа жылдық сыйлықтар мен теледидарларды сыйға тарттық» деп атап өтті Е.Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол Астана қаласы Гимнастикалық спорт түрлері федерация­сының ұйымдастырған салтанатты шарасына қатысып, құрметті президент ретінде үздік спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтағанын айтып өтті.

«Өткен жылы елордалық мәслихат депутаттары қолдауының арқасында Астанада Көркем гимнастика орталығы ашылды. Жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын және биіктігі шамамен 14 метр болатын бұл бірегей нысан Астананың спорт инфра­құрылымын дамытудағы маңызды қадамға айналды. Алдағы уақытта федерациямыз амбициялық, бірақ жүзеге асырылатын жоспарларды іске асыруды көздеп отыр» деді қалалық мәслихат төрағасы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button