Мәдениет

Балалардың бағын ашқан «Ақ көгершін»

Астанада Халық­­а­ралық «Ақ көгершін» балалар шығарма­шы­лығы байқауы өтті. Өнер додасының онжыл­дық мерейтойында биыл Ресей, Қырғызстан, Қазақ­стан­ның түкпір-түкпі­рінен келген 1500-ден аса үміткер бақ сынады.

ERM_7864

Екі күнге созылған сайыс ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қол­да­уымен елордадағы «Жас­тар» және Оқушылар сарайында, №3 балалар музыка мектебінде өткізілді. Талабы таудай таланттар 7 аталым бойынша өнерін ортаға салды. Атап айтқанда, 4 пен 17 жас аралығындағы қатысушылар хореография, вокал, дәстүрлі ән, аспапта ойнау, сән, көркемсөз оқу шеберлігі және ерекше жанрда өзара сынға түсті. Жарыс барысында сахналанған көріністерде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тақырыбы ке­ңінен айшықталды.
«Ақ көгершін» байқауы – өнер жолының алғашқы баспалдағы. Жарысқа үкілеген үмітпен қатысатын дарынды өнерпаздардың ішінен жаңа есімдер анықталады. Балалар үшін бұл – тартысты бәйге ғана емес, достық, шығармашылық, берекелі бастамалардың мерекесі. Конкурс бағдарламасы шеңберінде қатысушы өнерпаздар Астанадағы Балалар үйінде қайырымдылық концерт көрсетті. Сондай-ақ, бас шаһардың сәулетті жерлеріне саяхат жасады. «Бәйтерек» монументін, Бейбітшілік және келісім сарайын аралап, «Жастар» театры спектаклін тамашалады» дейді «Ақ көгершін» балалар қорының президенті Тамара Ескенова.

ERM_8159
«Жастар» сарайындағы гала-концертте әр номи­нацияға сәйкес гран-при иегері анықталып, барлық қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Астана қаласының өнерпаздары 4 номинация бойынша гран-при жүлдесін жеңіп алды. Жүзден жүйрік шыққан астаналықтар: «вокал» аталымы бойынша өнер көрсеткен – 6 жастағы Кәусар Өмірсерікқызы, дәс­түрлі орындаушылырдан – «Кербез қыздар» же­ті­геншілер ансамблі, хореографиядан – «Тұлпар» би тобы және балалар сәнін көр­сеткен Әлия Абдраш.


Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button