Қоғам

Балалардың денсаулық паспорты электронды нұсқаға ауысады

Елде баланың денсаулық паспорты электронды нұсқаға ауыстырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл құжатты баласы мектепке не балабақшаға баратын ата-аналар міндетті түрде толтырып, тапсыруы тиіс. Онлайн жүйеге медициналық мәліметтер енгізіледі.

Цифрлы жобаның тағы қандай артықшылығы бар?

Баланың электронды денсаулық паспорты ата-ананы ең алдымен қағазбастылықтан арылтады. Онлайн жүйеде профилактикалық екпелер мен скринингтердің қорытындысы жазылады. Қазір дәрігерлер білім беру ұйымдарына баратын балалардың құжатын толтырып жатыр.

Мектепке немесе балабақшаға баратын баланың денсаулық құжаты онлайн түрде дайын болады. Оған барлық медициналық мәлімет енгізіледі. Сондықтан бұл өте ыңғайлы жүйе деп санаймыз, — дейді қалалық емхананың медбикесі Людмила Зелинская.

Бұл медициналық деректердің жоғалып кетпеуіне де мүмкіндік береді, — дейді дәрігерлер.

Бұл форма негізі 18 жасқа дейінгі балалардың барлығына беріледі. Соған орай ата-аналарды балаларыңыздың уақытылы профбайқаулар мен профилактикалық екпелерді уақытылы өтулерін сұраймыз. Өйткені барлық ақпараттар сол 52/2 формасына толық енгізіледі — дейді қалалық емхананың педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Әбіл.

Денсаулық паспортын цирфландыру жобасы тамыз айында толық іске қосылады. Биыл оны еліміз бойынша мектепке баратын 380 мың бала тапсырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button