Ел тынысы

Балалардың жол қозғалысы ережелерін білуге арналған конкурс өткізілмек

Елордалық №53 «Мерей» балабақшасында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында жол қозғалысы ережелері бойынша «Брейн-ринг» қалалық байқауы өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Байқау тәрбиешілердің, педагогтардың, атап айтқанда дене шынықтыру нұсқаушыларының, музыкалық жетекшілердің, сондай-ақ мектепалды топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізіледі.

«Біз «Брейн-ринг» жол қозғалысы ережелері бойынша қалалық байқаудың екінші кезеңін өткіземіз. Байқауға 645 бала қамтылған 120-дан астам өтінім келіп түсті», – деді Есіл ауданы ПБ ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әлия Нұрғалиева.

Байқау «Сәлеметсің бе, балам!», жол қозғалысы ережелері мен жол белгілері тақырыбына сұрақ-жауап викториналары «Сен білесің бе?» және рөлдік ойындар «Бағдаршам», «Қозғалыс ережелеріне – біздің құрметіміз!», «Жол қозғалысы әліпбиі» кезеңдерінен тұрады.

Байқауға қаланың әртүрлі аудандарынан келген балабақша тәрбиеленушілері қатысады. Іс-шара соңында үздік балабақшалар Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ балабақшалардың педагогтары мен тәрбиеленушілеріне сертификаттар беріледі.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы мен Астана қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының, «Әдістемелік орталық» МКҚК және «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы» КММ қолдауымен өтуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button