Мәдениет

Балаларға – базарлық

8-10 қазан күндері «Астана Опера» театрының сахнасында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының гастрольдері өтеді. Труппа И.Кальманның «Сильва», И.Штраустың «Вальс королі» оперетталарын, А.Колкердің «Труффальдино» мюзиклін, балалар аудиториясына музыкалық ертегілерден құралған бағдарлама ұсынады.

[smartslider3 slider=124]

Балалар аудиториясына арналған афиша композитор Әліби Әбдінұровтың қазақ аңыздарына құрылған «Киелі Самұрық құс» музыкалық ертегісімен 8 қазан күні ашылады. Қойылым белгілі халықтық нышандардың қалай пайда болғанын әрі Қазақстанның тарихымен қалай байланысты екенін көрсетеді. Либреттоның астарында терең мән бар – Отанға, өз халқыңа, оның салтдәстүрі мен ақыл-парасатына деген сүйіспеншілік.
Балалардың сүйікті «Кішкентай Мук» ертегісі 9 қазан күні ұсынылады. Ол әр жылдары әлемнің көптеген театрларында қойылды. Басты кейіпкер Мук – кедей, бірақ өте зерек бала. Бірде ол желаяқтар сайысында патшаның өзін басып озады. Шынайы достарды қалай табу керектігін, жақсылықтың жамандық пен қызғанышты қалай жеңетінін қарағандылық театрдың ертегісі баяндайды.
О.Клюевтің балаларға арналған «Сиқырлы гүл» музыкалық феериясында көптеген әндер кездеседі, сюжеттегі қызықты өзгерістер ертегіні жаңа қырынан танытып, тың бояулармен әрлейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button