Мәдениет

Балаларға – базарлық

Елордадағы «Жастар» театры жанынан құрылған «Қанаттылар» инклюзивті театры көрермендер назарына тағы бір туындыны – Ә.Файзоллаұлының балаларға арналған «Үй таңдаған лақ» ертегісін ұсынды. Ертегінің қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі Бейбіт Құсанбаев, ал қоюшы-сурдоаудармашы – Мәдениет саласының үздігі Сәуле Тұрлыбекова.

[smartslider3 slider=1507]

Ым-ишара тіліндегі ертегіде кербез де жалқау лақтың бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Көрші тұратын лақ пен қозыға тиесілі баспананың шатыры тоқтаусыз жауған жаңбыр­дың салдарынан тесіліп тынады. Жалқау лақ өз баспанасын жөндемей, орманнан басқа баспана іздеп жолға шығады. Ал іскер де еңбекқор қозы шатырын қалпына келтіруге білек сыбана кіріседі. Қалың орман ішінен үй іздеген лақ жолдан түлкі мен қасқырға жем болуға шақ қалады. Қайырымды аюдың көмегімен аман қалған ол орманнан үлкен сабақ алып, өз үйіне оралады. Достыққа адал, еңбекқор қозы лақ қайта оралғанша өз үйімен қатар лақтың да баспанасын бабына келтіріп қояды.

Ертегіде Гүлраушан Жаханша, Алмат Теңізбай, Анастасия Бавтрук, Еламан Бектұрсынов, Даниялбек Байдәулет, Ваха Джабраилов, Әнуар Қайролла секілді актерлер өнер көрсетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button