Ел тынысы

Балаларға қуаныш сыйлаған чемпионат

Астана қаласында «Әкелер одағы» мен №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің ұйымдастыруымен футболдан чемпионат өткізілді.

Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, оларға қуаныш сыйлау және қоғамдағы ер азаматтың рөлін айқындауға бағытталған іс-шараға қатысқандардың қарасы көп болды. Мектептің футбол алаңында әкелер мен ұл балалар жиналып, төрт топқа бөлінді. Осылайша жасыл алаңда футболдан екі жақты кездесу өткізілді.

– Біздің бұл іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға қолдау көрсету. Бастысы қоғамдағы ер азаматтың жауапкершілігін, олардың балалар тәрбиесіндегі маңызды рөлін көрсетуді мақсат еттік. «Әкелер одағының» мүшелері балаларға спорттық ойындар мен жарыстарда қолдау көрсетіп, оларға қуаныш сыйлады деп сенемін, – деді «Әкелер одағы» төрағасының орынбасары Мұхтар Әбдіғаппарұлы.

Бір күнге созылған футбол чемпионатының нәтижесінде балалар тек спорттық дағдыларды меңгеріп қана қоймай, командалық рухты, өзара ынтымақтастықты нығайтты. «Әкелер одағының» мүшелері балаларға ұжымда жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетті. Балалар үшін жаңа орта табуға, өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берген чемпионаттың маңызы айрықша болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button