Жаңалықтар

Балаларға шаттық сыйлады

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Республикалық ұланның Президенттік оркестрінің мерекелік концерті өтті. Шығармашылық ұжым кішкентай көрермендерге И.Сапарбаев, Л.Хамиди, Ш.Қалдаяқов, А.Лаус-Линхарт және басқа да ұлттық, әлемдік музыка классиктерінің шығармаларын ұсынды.

[smartslider3 slider=2443]

Қазақстандағы Балалар жылына арналған шара ең ізгі және жарқын мейрам – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп, балаларға шаттық сыйлады.

«Бүгінгі концертке 200-ден астам оқушы келді. Біз балалардың жас шамасына қарай репертуар таңдадық. Әртістер әйгілі балалар фильмдерінің шығармаларын орындады. Қазір оқушының гаджетке бар ынтасы ауған кезде этномузыкаға, ұлттық тарих пен дәстүрге қызығушылығын оятамыз десек, осындай рухани шараларды жиі өткізуіміз керек» дейді Президенттік оркестр басшысы Құрмет Бейсембаев.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button