Мәдениет

Балалармен бірге ән салды

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академия­лық филармония әртістері «Бақытты шаңырақ» ­қорында қайырымдылық концертін берді.

[smartslider3 slider=2544]

Аталмыш қор мүмкіндігі шек­теулі балаларды тәрбиелеп отыр­ған отбасыларға қаржылық, моральдық, психологиялық және кәсіби көмек көрсетеді. Қор елордадағы 500-ге жуық отбасыны қамтиды. Оның жұмысының бір бағыты – балалар мен олардың отбасына қоғаммен еркін араласып, оның бір мүшесіне айналуға жәрдемдесу. Шығармашылық еңбектің, өнердің де рөлі өте зор. Шығармашылық арқылы балалар өзін қоғамның бір мүшесі екенін сезінеді.

«Сарыарқа» фольклорлық ансамблі мен филармония солистері Сәулежан Тағзия, Айбала Бейсенова, Парасат Отан репертуарындағы үздік шығармаларды орындаса, қордың балалары ән салып, би билеп, өлең оқыды.

Қоғамдық қор төрайымы Ботагөз Сұлтанова филармония ұжымына үнемі қолдау көрсететіні үшін алғыс хат тапсырды.

 Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button