Жаңалықтар

БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ШАТТЫҒЫ

ERA_2527

Оқушылар сарайында Алматы ауданы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті.

Мерекеге аудандағы үш жүзге тарта жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер қатысты. Думанды жиынның басында Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын жиналған қауымды жаңа жылмен құттықтады.

«Қазақтың «ескі жыл, есірке, жаңа жыл, жарылқа» деген сөзі бар. Бұл мерекені балалар қауымы ерекше ықыласпен күтеді. Біз – тәуелсіз мемлекетпіз. Әр баланың алға қойған мақсаты орындалып, биік шыңдарға жетуіне себепші болуымыз керек. Жаңа жылда жаңа табыстарға жетіп, игі істердің жанынан табылуларына тілектеспін. Әр бала оқуда озат болып, өзін елдің бір мүшесі екенін толық сезінсе, біздің де атқарып жатқан жұмыстарымыздың зая кетпегені деп білемін» дейді ол.

Арнайы дайындалған мерекелік қойылым мен Қарша қызын еріткен Аяз ата кіші көрермендердің көңілін көтеріп, көзайымына айналды. Кеш соңында аудан әкімінің атынан арнаулы сыйлықтар табыс етілді.

Бағлан ОРАЗАЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button